"Қазақстан Студенттер Альянсы" Түркістан қалалық төрағасы Айбар Мырзагельдинмен кездесу
«Сырдария» университетінің студент жастары "Қазақстан Студенттер Альянсы" Түркістан қалалық төрағасы Айбар Мырзагельдинмен @myrzageldi_aibar кездесті.
"Қазақстан студенттер Альянсы" @ask_turkistan - бұл студенттердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайтын республикалық студенттік қозғалыс.
Ол студент жастардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін шешуші және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына белсенді қатысушы ұйым ретінде құрылған.
Кеңес мүшелері тағайындалды
Syrdariya University әрқашан өз білім алушылары үшін үздік тәжірибелерді лайықты түрде қолданады. Бұл үрдіс студенттердің жеке тұлғалық дамуы мен жаңа дағдыларының қалыптасуында маңызды роль ойнайды. Солардың бірі Студенттік Кеңес.
Студенттік кеңес жұмысының мақсаты:
Студенттердің қызығушылықтары, оқу-тәрбие жұмыстары жайында туатын сұрақтармен айналысатын студенттердің өкілі.
Құттықтаймыз!
«Спорт және өнер» факультетінің 5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Құлан Аяулым «Primus Development Center» ЖШС Таланттарды Дамыту Халықаралық Орталығының ұйымдастыруымен өткен «2021-2022 оқу жылында білім беру, ғылым, IT-технологиялар, өнер, музыка және спорт саласындағы қашықтықтан өткізілетін халықаралық байқаулардың XXV маусымы» «ЕРТЕГІЛЕР ПАТШАЛЫҒЫ» атты шығармашылық online байқауына қатысып «Сурет» тен II – орын иеленді.
Құлан Аяулымды жетістігімен құттықтаймыз шығармашылық табыстар тілейміз.
«Alash Pride» чемпионын құттықтаймыз!
"Сырдария" университеті, "Спорт және өнер" факультетінің Дш-18 тобының студенті Олжабай Бақдос "Alash Pride" белбеуі үшін жекпе-жекте жеңіске жетіп, чемпион атанды.
SU Debate
Syrdariya University Students’ Union ұйымдастыруымен студенттік пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа 2 команда қатысты. Білім алушылар “Бұл үй, белсенді студенттік өмір маңызды деп санайды ” тақырыбында пікір таластырды.
Дебат 3 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде командалар жеке көзқарастарын таныстырды. Екінші кезеңде қатысушылар қарсы тарапқа сұрақ қойып пікір таластырды. Үшінші кезеңде екі тарапта сындарға жауап беріп, өз аргументтерін нығайтты.
Жұмыс берушілермен кездесу
Сапалы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында жұмыс берушілермен кездесулер ұйымдастырылды
ВАКЦИНАЛАР МЕН ИММУНДАУ: ВАКЦИНАЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
7-қазан күні университетте аудандық орталық емханасының жұқпалы аурулар дәрігері Байзакова Калбике Мынбаевна білім алушылармен кездесті.
Кездесу тақырыбы: "Вакциналар мен иммундау: вакцинация дегеніміз не?"
Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Сламбекова З.А. сөзінде университет қабырғасында да, бүкіл Қазақстан да ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, барлық білім алушылардың COVID-19 мәселесіне саналы түрде қарау қажеттілігін айтты.
Ректор гранты
«Сырдария» университетінде ақылы негізінде қабылданған білім алушыларға оқу төлемақысына жеңілдіктер қарастырылған.
Соның бір жарқын дәлелі 2020-2021 оқу жылында ҰБТ нәтижесі бойынша 100 және одан жоғары балл жинаған 3 студентке Ғылыми кеңес шешімі (29 қыркүйек 2021 жылғы №3 хаттама) негізінде ректор гранты тағайындалды.
Олар:
1. Сапарбек Дана Бейсенбекқызы
2. Акбаева Манзура Хакимжанқызы
3. Оралбек Аяулым Азбекқызы
"Өнеркәсіп көшбасшысы 2021"
Индустрия көшбасшысы 2021 Бағалау бағдарламасы шеңберінде Ұлттық бизнес рейтингінің қорытындысы бойынша «Сырдария» университеті сенімді салық төлеуші номинациясының күміс жүлдегері және Үлгілі салық төлеуші номинациясының қола жүлдегері атанды.
Вакциналар мен иммундау: вакцинация дегеніміз не
Білім алушылармен 7 қазан күні сағат 11:00 - де "Вакциналар мен иммундау: вакцинация дегеніміз не?" атты кездесу өтеді.
Спикер: аудандық орталық емханасының жұқпалы аурулар дәрігері Байзакова К.М.
Өтетін орны: бас ғимарат, 1-оқу залы.