Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жаңа оқу жылының 27-қыркүйегінде Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын насихаттау мақсатында Аманқұлов Мусамахамбет Ертайұлы студент жастармен кездесті.

Мәңгілік елдің тарихи кезеңінде рухани жаңғырудың бағдары айрықша маңызға ие екендігі айтылып, көш басындағы елдермен терезе теңестіру, заман ағымына икемделу, жаңа дәуірдің өзгерістеріне бейім тұру және бойға сіңіру мәселелері талданды.

"Тіл - достықтың тірегі"

Қыркүйек айының жиырма бесінші жұлдызында университетіміздің студенттер үйінде, тілдер мерекесіне арналған «Тіл – достықтың тірегі» атты концерт болып өтті. Тіл мерекесі болған соң үш тілде жүргіздік қазақ, орыс, ағылшын.

Айтулы іс-шараға унверситетіміздің студенттер үйінде тұрып оқитын белсенді де беделді студенттерміз қатысты. Жүргізушілер Мұсабаева Ұлмекен, Тұрғынбаев Дәурен, Жақсылық Гүзат. Мерекелік кешімізде жүргізушілеріміз тілдің қадір қасиеті жайлы және де би-шешендеріміздің ұлы, дана сөздерін келген қонақтарға түіндіріп өтті.

Тіл – ұлт бірлігінің ұйытқысы

Тіл – ұлттың жаны. Тіл болмаса, ұлт та болмайды

2017 жылдың 21-қыркүйегінде "Гуманитарлық білім" факультеті және "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының профессор-оқытушылары мен белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай "Тіл – ұлт бірлігінің ұйытқысы" атты тақырыпта мерекелік іс-шара болып өтті.

ЖҮЛДЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН

Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады.
Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту - мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу, бұқаралық спортқа тарту туралы айтылған.

Нұрбек Мұрат Анарбайұлыны философия докторы (PhD) атағымен құттықтаймыз

Құттықтаймыз!
Құрметті Мұрат Анарбайұлы!

«Сырдария» университетінің ұжымы Сізді Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша (PhD) философия докторы дәрежесінің берілуімен шын жүректен құттықтайды (ҚР БжҒМ, Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті төрағасының 09.06.2017 жылғы №855 бұйрығы негізінде).


Ректорат

"ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ РӨЛІ" атты аймақтық пәндік олимпиадада 6 студенті қатысты

Үстіміздегі жылдың 10 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған оқу орындары арасында өткізілген "ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ РӨЛІ" атты аймақтық пәндік олимпиадаға "Сырдария" университетінен "Құқықтану" мамандығының 6 студенті қатысты.

"Әділ заң – тыныштықтың тірегі" деп ұрандатқан "Ақиқат" тобына олимпиада қорытындысы бойынша "Тапқырлық танытқаны үшін" номинациясымен диплом табыс етілді.

Қатысқан студенттер мен ғылыми жетекшісі сертификатпен марапатталды.

ІІІ дәреже диплом "Бейнелеу өнері және сызу" мамандығы студенттерге Республикалық пәндік олимпиадасында марапатталады

ІІІ дәреже диплом Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткен 5В010700 - "Бейнелеу өнері және сызу" мамандығы бойынша 2017 жылдың 10-17 наурызында өткізілген ІХ Республикалық пәндік олимпиадасында "Команданы таныстыру көрсетілімі" тапсырмасы бойынша Бердентаева М.Д., Умбетов Д.С. "Амалу" құрамы командасы марапатталады.

Құрметті аналар, қыз-келіншектер!

Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.
Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары.
Еліміздің сән-салтанаты мен оқу ордамыздың мерейінің үстем болуында, қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі бар.
Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.

Жаңа жылмен құттықтау

Құрметті мақтаралдықтар және "Сырдария" университетінің ұжымы!

Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, таусылмас мол бақыт, шаттыққа толы қуаныш тілеймін.

Өткелі тұрған мешін жылы "Сырдария" университеті үшін сәтті де табысты, жетістігі мол жыл болды.

Атап айтар болсақ, Венгрияның Қазақстандағы төтенше жағдайлар және өкілетті елшісі Андраш Барани қонақта болып, келіссөздер жүргізуге ниет білдірді.

Тәуелсіздік – әлемдегі әрбір халық үшін қымбат ұғым!

Құрметті мақтааралдықтар, «Сырдария» университетінің ұжымы және студент жастар!
Тәуелсіздік – әлемдегі әрбір халық үшін қымбат ұғым!

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға да биыл 25 жыл толып отыр.
Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді.

Оқиға категориялары