Өзбек тілінен ашық сабақ
19 наурызда ФИ 22-3к тобында "Орыс және өзбек тілдері" кафедрасының аға оқытушысы, Ph (D) докторы Ш.Д. Наралиева "Гап боллаклари. Гапнинг грамматик асоси ".
Сабақтың негізгі сәттері:
- Сөйлемнің өзбек тіліндегі негізгі бөліктерін талдадық
- Ұсыныстардың құрылымы мен грамматикалық негізін талдадық
- Материалды бекіту үшін практикалық тапсырмаларды орындады
- Академиялық ортада өзбек тілінің синтаксистік ерекшеліктерін талқылады
Студенттер талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойып, білімдерін тереңдетті!
КҮШТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
19.03.2025 ж. "Дене шынықтыру және спорт" факультетінің, "Дене шынықтыру" кафедрасында аға оқытушы Касымбеков Болысбек Бердибекович жетекшілігімен Дене шынықтыру пәнінен 1 курс 6В01707-Шет тілдері, 6В01703-Екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау, 6В01704 – Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау, 6В01703-Орыс тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Күшті дамытуға арналған жаттығулар» тақырыбында ашық сабағы болып өтті.
Хабарландыру!
Ж.А.Тәшенев университеті «Педагогика және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының ұйымдастырумен 2025 жылдың 28-ші Наурыз күні сағат 15:00 де Жастар ресурстық орталығында «Ж.А.Тәшеневтың 110 жылдығына» орай, ҚР мәдениет қайраткері, сазгер, күйші Бөрі Исаның өнерін жастарға насихаттау мақсатында «Шоқтығы биік-Бөрі Иса» атты «Саз және ән» кафедрасының жылдық есеп беру концертінің болатынын хабарлаймыз!
«Features of a market economy» ашық дәріс сабақ
19.03.2025ж, сағат 12.30, Koworking - аудиториядасында Сарыкулова Л.Т. э.ғ.к., аға оқытушы «Theory of Economics and microeconomics» пәнінен «Features of a market economy» атты ашық дәріс сабағын өтті. Сабаққа «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі Бакиров Е.А. және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Ашық есік күні
Ұйымдастырушы: «Дене шынықтыру және спорт» факультеті
Күні: 19.03.2025
Сағат 11:00 де
Тікелей эфир ZOOM платформасында
Идентификатор: 826 894 1883
Код доступа: wM4sPs
«Отбасы құрылымының психологиялық ерекшеліктері» ашық сабақ
18.03.2025 жылы «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Педагогика және өнер» факультеті, «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Аяпова Бақыт Алишеровна «Отбасы психологиясы» пәні бойынша ПиК 23-7к1 тобының студенттерімен «Отбасы құрылымының психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында геймификация технологиясын қолдана отырып ашық дәріс сабағын өткізді.
«Жасанды интеллект және робототехника» орталығымен таныстыру
18.03.2024ж «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының Пик-24-7к оқу тобының студенттері «Жасанды интеллект және робототехника» орталығымен барып танысты. Ондағы құрылғылармен студенттер жеке танысып қызығушылық танытты.
«Мектепте футболдан сабақ жүргізуді ұйымдастыру және әдістемесі» ашық сабақ
18.03.2025 жыл күні Tashenev University-де «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Муталиев Бекарыс Турдикулович «Базалық спорт түрлері оқыту теориясы» пәні бойынша Фк-22-1к4, тобына «Мектепте футболдан сабақ жүргізуді ұйымдастыру және әдістемесі» тақырыбында ашық сабағын өтті.
"Шешім қабылдау әдістері" ашық сабақ
"Ақпараттық коммуникациялық технологиялар" кафедрасының т.ғ. магистрі, оқытушы Рахметуллақызы А. 18.03.2025 жылы сағат 08:30-да ИЭФ-22-9к тобына "Басқару модельдері мен әдістері" пәнінен "Шешім қабылдау әдістері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың құрылымы жақсы ойластырылған, мақсаттары анық қойылған. Барлық кезеңдер логикалық ретпен өтті. Рахметуллақызы А. ашық сабағы жақсы деңгейде өтілді.
"Оператор с параметром for. Оператор foreach" ашық сабақ
"Ақпараттық коммуникациялық технологиялар" кафедрасының т.ғ. докторы, профессор Ху Вен Цен 18.03.2025 жылы сағат 11:30-да ИЭФ-24-9р және ИЭФ-24-13р топтарына "Технология программирования" пәнінен "Оператор с параметром for. Оператор foreach" тақырыбында ашық сабақ өтті. Профессордың кәсіби шеберлігі мен педагогикалық тәсілдері оң бағаланды. Белсенді оқыту әдістері оқушылардың қызығушылығын арттырды. Ашық сабақ жақсы деңгейде өтілді.