Университетіміздің студенті – Қазақстан чемпионы!

Жеңіс құтты болсын! 
Ж.Ташенов атындағы университетінің студенті Дюсебай Іңкәр – Қазақстан чемпионы!
2025 жылдың 17-22 ақпан аралығында "Дәулет" теннис орталығында өткен Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы қысқы чемпионатында Алматы қаласының атынан сынға түскен ФК 24-1к1 тобының студенті, ҚР спорт шебері Дюсебай Іңкәр үздік өнер көрсетіп, І орын иеленді! 
Жеңімпаздың сөзі:

«Оқу сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік әзірлемелердің мазмұны мен құрылымы» семинар

28.02.2025ж.  «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ  «Педагогикалық және жаратылыстану»  факультеті  «Математика және информатика»  кафедрасы магистрі, аға оқытушы Катбаева Майра Турганбаевна  «Оқу  сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік әзірлемелердің мазмұны мен құрылымы» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинарға профессор-оқытушылар құрамы мен кафедраға қарасты білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысты. Қатысушылардың белсенділік таныта отырып қатысу барысында семинар өз дәрежесінде өтілді.

«ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ АЙНАСЫ»

Жұмабек Тәшенев атындағы университет Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында ұлттық киімді дәріптеу, насихаттау мақсатында басталған «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты челленджді қолдайды!
Ұлттық киім – тек сән үлгісі ғана емес, халқымыздың бай тарихын, рухани мұрасын, дүниетанымын айшықтайтын мәдени код. Қазақтың зерлі шапаны, оюлы камзолы, қос етек көйлегі – ата-бабамыздың өмір салты мен ұлттық болмысынан сыр шертетін құндылықтар. Ұлттық киімді дәріптеу – ұлттың рухын көтеру, дәстүрді жаңғырту, ұлттық сана-сезімді нығайту деген сөз.

«Алғыс айту – парызым!»

Жұмабек Тәшенев атындағы университетінде «Ж.А.Тәшеневтің 110 жылдығына» арнап «1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай 27 ақпан күні “Мектепке дейінгі оқыту және психология” кафедрасының ұйымдастыруымен «Алғыс айту – парызым» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
«Алғыс айту – парызым» атты мерекелік іс-шараның мақсаты – студенттерге алғыс айту мәдениетін қалыптастыру, олардың өз өміріндегі маңызды адамдар мен жағдайларға деген құрметін арттыру, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік байланыстарды нығайту және мейірімділік, адамгершілік құндылықтарын насихаттау. 

1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ: БІРЛІК ПЕН РИЗАШЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Ж.А.Ташенев атындағы университетінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті. Бұл күн – Қазақстан халқы үшін ерекше мәнге ие, өйткені ол татулық пен өзара құрметтің, тарихымызға деген тағзымның белгісі.

Университет қызметкерлері мен студенттері Шымкентті көгалдандыруға үлес қосты

Бүгін Ж.А. Тәшенев атындағы университетінің қызметкерлері мен студенттері оқу орны аумағында шынара ағаштарын отырғызды. Бұл шара «Таза Қазақстан» мемлекеттік бастамасын қолдау және экологиялық сананы қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

"ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ" ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ "ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Бүгін Жұмабек Тәшенев атындағы университетте "Заңды білу – заман талабы" тақырыбында өткен дөңгелек үстелде студенттер мен сарапшылар құқықтық сауаттылық пен заңдылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кәсіби бағдар – табысты болашақтың кепілі!

«Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары факультеті»,  «Мектепке дейінгі оқыту және психология кафедрасының» оқытушылары кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында 26.02.2025ж күні №29 А.Молдағұлова мектебінің бітіруші түлектеріне университет мамандықтарын түсіндіру бойынша жұмыстарын жүргізді. 

Оқиға категориялары