Біздің жеңімпаздары
2017 жылы "Ғылым шарайнасы" атты студенттердің ғылыми-зертеу жұмыстарының жеңімпаздары
|
№ |
Аты-жөні |
Орындары |
Тақырыбы |
Мамандығы Құрметті мақтаралдықтар, "Сырдария" университетінің ұжымы және студент жастар!Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – еліміздің ерекше қуаты мен еркіндігінің нышаны, азаматтық сана-сезімге негізделген мемлекеттік қағидаларымыздың тұрақтылығы, тең құқықтылығы, дербес демократиялық тұрақты республика ретінде қалыптасуы. Тәуелсіздік – тұғырым, мәңгілік ел – ұранымЕліміздің Тәуелсіздігі күні мен университеттің 20 жылдығына орай желтоқсан айының 13-жұлдызында "Тәуелсіздік – тұғырым, мәңгілік ел – ұраным" тақырыбында студенттік конференция болып өтті. Діни ағымдардың алдын алу2017 жылдың 13-желтоқсанында Жастар комитеті кереғар діни ағымдардың алдын алу мақсатында арнайы мамандармен кездесу өткізді. Аудандық "Нұғман" мешітінің найб имамы, ҚМДБ Жастар ісі секторының Мақтарал ауданы бойынша басшысы, Аудандық ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының инспекторы, дінтанушы теолог, АТК комиссия мүшесі, ағымдармен жұмыс жасайтын маман, Зекет қоры КҚ Мақтарал ауданы бойынша жетекшісі қатысқан кездесуде қазіргі діни экстремизнің салдары, қоғамға деген әсері, адами сананың улануы туралы мәселелер қозғалды. Пікірталас сайысының өнегелі өрендерін құттықтаймыз!9-желтоқсан – Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жастардың бойында шешендік өнерді, көшбасшылық қасиеттерді дамыту мақсатында "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" атты тақырыпта студенттер мен мектеп оқушылары арасында өткен аудандық пікірталас (дебат) сайысында өнегелі өнер көрсеткен "Сырдария" университеті І орын дипломына ие болды. Қоғамдық мәселені сөзбен өрнектеген "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының студенттері М.Муталиев пен Б.Сатуов тартысты сында университет намысын қорғады. Студенттерге және ғылыми-педагогикалық кадрларға арналған брифинг өткізілді2017 жылдың 14-қыркүйегінде "Болашақ" бағдарламасы арқылы шетелде білім алу, "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау, үміткерлерді іріктеу қағидаларымен таныстыру мақсатында студенттерге және ғылыми-педагогикалық кадрларға арналған брифинг өткізілді. Ғылыми істер жөніндегі проректор Тажекова Ақмарал Жақсыбекқызы брифинг жоспарына орай "Болашақ" бағдарламасындағы өзгерістер туралы, яғни "Болашақ" бағдарламасының талаптары және оған құжат тапсырудың жолдары мен жаңа оқу жылындағы өзгерістерін түсіндіріп өтті. Жүлделі "Жайдарман""Сырдария" құрамасы 2017 жылғы "Жайдарман" Республикалық "Жоғарғы лиганың" чемпионы болды! "Сырдария" университетінің мәртебесін Астана төрінде асқақтатқан Құраманы жүлделі жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! "ХХІ ғасыр педагогының моделі" атты байқау өтті"Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында түрлі дейгейдегі жоспарлы және жоспардан тыс көптеген мәдени, рухани, ғылыми іс-шаралар өткізілуде. Аталған бастамаларға өз үлесін қосу мақсатында "Педагогика" пәнінен "Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Файзиев Нұржан Сапарханұлының ұйымдастыруымен 29-қараша күні "ХХІ ғасыр педагогының моделі" атты байқауы өтті. "Білім-Оразование-Education" Республикалық ғылыми-педагогикалық орталығының "ХХІ ғасыр педагогы" атты халықаралық педагогикалық байқауда ІІІ орынҚұттықтаймыз! "Білім-Оразование-Education" Республикалық ғылыми-педагогикалық орталығының "ХХІ ғасыр педагогы" атты халықаралық педагогикалық байқауда ІІІ орынға ие болған "Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Акимишев Ғалымжан Пантайұлын құттықтаймыз. Зор денсаулық, қажымас күш-қайрат тілей отырып, ғылым жолындағы еңбектері нәтижелі бола берсін демекпіз! Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағатыСыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Мемлекеттің дамуына зиян келтіретін індетке қарсы күресуді күшейту мақсаты алдымызда тұр. "Сырдария" университеті Республика көлемінде өтіп жатқан іс-щара жоспарына орай профессор-оқытушылар және студенттердің қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты" атты семинар өткізді. Оқиға категорияларыСтуденттік өмір (353) Ашық сабақтар (220) Қонақтармен кездесу (218) Семинар (179) Мерекелер (129) "Өнер ..." (118) Жетістіктер (107) Талапкер (88) Конференция (62) Тренинг (59) Ғылыми жобалар (56) "Экономика..." (51) Академиялық саясат (45) Жас маман (44) Аяшев О.А. (41) Филология (37) "Саз және ән" (36) Форум (36) Кәсіптік практика (35) Біліктілік арттыру (29) "Ағылшын тілі" (28) "АКТ" (26) 7СЫР (24) "Педагогика ..." (23) "Дизайн" (23) Абенова Л.У. (21) Аккредиттеу (18) Медицина (16) Жаңа Жетісай (13) Рейтинг Media (12) Guest speaker (12) Egemen Qazakhstan (12) Адалдық сағат (10) Мұражай (10) Үздік оқытушы (10) Мейірбеков М.Б. (9) Робототехника (8) Студенттік Кеңес (8) Магистратура (6) Ректор гранты (3) |