«My University» ашық сабақ

«Ағылшын тілі» кафедрасының магистр-оқытушысы Э.П. Арысбаева шет тілі пәнінен ФК-24-1К9 тобымен «My University» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі, кафедра оқытушылары және оқу бөлімі қызметкерлері қатысты. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, интерактивті оқыту әдістері тиімді қолданылды. Атап айтқанда, Kahoot платформасындағы викториналық ойын, жұптық және топтық жұмыс түрлері, рөлдік ойындар, сондай-ақ визуалды көрнекіліктер сабақтың мазмұнын тереңірек ашуға мүмкіндік берді.

«ЖАНУБИЙ КОЗОҒИСТОН» ГАЗЕТІ БІЗ ТУРАЛЫ

«Жанубий Козоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетіның соңғы санында университетіміздің “Орыс және өзбек тілдері” кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Шахло Наралиевамен сұхбат жарияланды. 

Жеңістің 80 жылдығына арналған шарада III орын

"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының ИЭФ-23-13к тобының 2-курс студенті Эрниязов Аббос Абдимуталович Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған "Ұлы дала дүбірі" атты спорттық шараға белсене қатысып, турникке тартылу сайысында жоғары шеберлік пен мықты дайындық көрсетіп, жүлделі III орынды иеленіп, арнайы марапатпен марапатталды!

Бұл жетістік — студенттің спортқа деген қызығушылығының, табандылығы мен күш-жігерінің айқын дәлелі.

Жетістігіңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыра беріңіз!
 

«Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары» ашық практикалық сабақ

21.04.2025ж., сағат 10:30, 315 аудиториясында «Құқық және бизнес» кафедрасының магистр оқытушысы Улыкбеков Н.К. «ҚР Әкімшілік құқығы» пәнінен, «Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары» тақырыбында ашық практикалық сабағын өтті. Практикалық ашық сабақ алдын-ала дайындалған мультимедиялық көрнекі құралдарды қолдану негізінде жүзеге асырылды. Практикалық ашық сабақтың әрбір сұрағын ашуда оқытушы көрнекілік принципін негізге алып, интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыра білді.

«Музыканы оқытудағы интернет-технологиялар» практикалық ашық сабақ

«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Педагогика және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Байгунова Динара Мадиханқызының 21.04.2025 күні Гагарин көшесі-22 корпусы 212-ші аудиториясында ПиК-22-15к 3-курс студенттерімен «Музыканы оқытудың ақпараттық технологиялары мен техникалық құралдары» пәнінен «Музыканы оқытудағы интернет-технологиялар» тақырыбы бойынша практикалық ашық сабағы өткізілді.Ашық сабақ өте жоғары деңгейде,талапқа сай жүргізілді.Тақырыпты ашу барысында оқытушы студенттерге бүкіл компьютерлік технологияның қажеттілігі

Тұрабаева Ләззат Қалықұлқызы

Қызмет саласы: 1994-1998жж. №47 Т.Тәжібаев атындағы  мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1998-2001жж. №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек еттім.
      2002ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының оқытушысы, 2005 жылы аға оқытушысы қызметін атқардым.
     2006 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де кандидаттық диссертация қорғадым. 2011 жылы ҚР БжҒМ  ЖАҚК доцент ғылыми атағы берілді.

Тәшенев университетінің студенттері – Ташкентте!

Тәшенев университетінің білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ташкент қаласындағы Британдық Менеджмент университетінде екі апталық білім алмасу бағдарламасына қатысуда.
Бұл сапарда біздің "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының 6В06103 – Басқарушылық Ақпараттық Жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша оқитын ИЭФ-24-8а тобының студенттері де бар.
Студенттер тәжірибелі мамандар мен жоғары білікті профессорлардан білім алып, кәсіби даму бағытында мол тәжірибе жинақтауда.

«Вокалдық-техникалық дағдыларды жетілдіру» практикалық ашық сабақ

«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Педагогика және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының магистр, оқытушысы Мәшір Перизат Ілесқызының 18.04.2025 күні Гагарин көшесі-22 корпусы 212-ші аудиториясында ПиК-24-3к 3-курс студенттерімен «Дауысты қою-2» пәнінен «Вокалдық-техникалық дағдыларды жетілдіру» тақырыбы бойынша практикалық ашық сабағы өткізілді.Ашық сабаққа кафедрамыздың оқытушылары келіп қатынасты. Сабақ өз уақытында басталып, сабаққа қажетті құжаттар толығымен болды. Студенттер бірнеше дауыс жаттығуларын жасап көрсетті.

Оқиға категориялары