«Сенім жәшігі» қойылды

«Tashenev Jastary» және «Auezov Jastary» қоғамдық қорлары бірлесе отырып қала жастары арасындағы қылмыс буллинг және психатропты есірті заттарының алдын алу мақсатында «Сенім жәшігі» жобасы аясында студенттермен кездесу болып өтті.

Жастарды жат ағымнан сақтандырды

Шымкент қаласы Дін істері басқармасының бастамасымен және Tashenev University Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «Noextremizm, noterarizm» тақырыбында студенттермен кездесу болып өтті.

Tashenev University мәжіліс залында өткен шараны дінтанушы Дәлелхан Оспанов жүргізіп отырды. Дәлелхан Қоңырбайұлы студенттерді қазіргі таңдағы діни кереғар ағымдағы бейнежазбалардан сақ болуын ескертті.

Міндеттер межеленіп, жоспар жүйеленді

Tashenev University әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғ.Битұрсынның жетекшілігімен бүгін оқу орнымыздың «Қонаев орталығы» оқу ғимаратында арнайы мәжіліс өтті.

Tashenev University дайындық орталығы жұмысын бастады

Тәшенев университетінде Шымкент қаласындағы 10-11-сыныптарды ҰБТ-ға дайындайтын орталық өз жұмысын бастады.
Білім алушыларға 3 міндетті (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы мен Қазақстан тарихы) және 2 таңдау пәні бойынша сабақ оқытылады.

Іргелі оқу орнының материалдық-техникалық базасы кеңейді

Үшінші мегаполистегі жоғары оқу орындарының қатарын өткен оқу жылы толықтырған Tashenev University бүгінде қанатын кеңге жайып, іргелі университеттердің қатарына енді.
Бүгін жаңа оқу жылының басталуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиын Құрманбеков көшесіндегі жаңа оқу ғимаратында болып өтті.

Президент жолдауы және білім күні: игі дәстүр сабақтастығы

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын дәл осы Білім күні жариялауы бүгінде игі дәстүрге айналды. 

Жұмыс жүйесі жіктелді

Бүгін Tashenev University биылғы оқу жылының алғашқы Ғылыми кеңес мәжілісін өткізді. Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Ғылыми кеңес отырысын жүргізіп отырған университет ректоры Қанат Байболов қатысушыларға жаңадан толықтырылған оқытушы-профессорлық құрамды таныстырып, сапалы білім мен саналы тәрбие жұмысын бірігіп еңсеретініне сенім білдірді.

Құрметті білім алушылар!

Ж. Тәшенев университетінің жаңа  оқу жылына арналған салтанатты шарасы 
Шымкент қаласы, Құрманбеков 4 “А”мекен-жайында орналасқан ғимаратта өтетінін хабарлаймыз! 
Салтанатты шара соңында студенттер жаңа ғимараттағы өз дәрісханаларымен танысады. 
Іс-шара 1 қыркүйек күні сағат:  10:00 де басталады.
 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Конституция – Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде танытқан басты құжат. Еліміздегі барлық заңдар Конституциядан бастау алады.
Ата Заңымыз қабылданған күн еліміз үшін тәуелсіздік тарихындағы жаңа дәуірдің басталғанын білдіреді. 1995 жылғы 30 тамыздағы жалпыхалықтық референдумда Қазақстан халқы өзінің болашағына айқын таңдау жасап, Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізін қалады.

Оқиға категориялары